- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында жасөспірім...
Ақмола облысында жасөспірім көлік ұрлап, жол апатына түсті
Щучинск қаласында 17 жастағы жеткіншек мас күйде біреудің көлігін айдап әкеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Щучинск қаласында Lada Kalina автокөлігін ұрлап кеткені туралы ақпарат патрульдік полиция экипаждарына 30 тамызда сағат 2:30 шамасында келіп түскен. Тәртіпбұзушы полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбаған және полициядан жасырынып, "Петропавл - Нұр-Сұлтан" республикалық тасжолына шығып кеткен. Онда облыстық патрульдік полиция батальонының автопатрульдері жұмылдырылған.
"Полиция жасағы бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтау туралы белгі бергенімен жүргізуші жылдамдық режимінен асып, өзі үшін де, қозғалыстың басқа да қатысушылары үшін де қауіп тудыра отырып қозғалысты жалғастырған. Көлікті басқара алмаған жасөспірім брусқа соғылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Дене жарақаты жоқ, тек орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан