Ақмола облысында облыстық маңызы бар Жолымбет-Пригородное тасжолында көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 19 сәуірде болған. Chevrolet маркалы көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!