Екатеринбург - Алматы тас жолында, Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында ірі жол апаты болды. 11 көлік соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Ақмола облысындағы тасжолда болған ірі жол апатының видеосы тарады.
Екатеринбург - Алматы тасжолының 1318-шақырымында, Бірсуат ауылына жақын жерде бірнеше көліктің соқтығысты.
"Оқиға орнына барған полицейлер Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шектен асырып, сол бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан 11 көлік соқтығысты", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Полиция ауруханаға жарақат алып, зардап шеккен бес адам жеткізілгенін хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!