- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында жантүршігерлік...
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: полицей қаза тапты
Ақмола облысында жол апаты болып, салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, жол апаты 17 қазанда сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында болған. Жол апаты салдарынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қаза тапты. Алғашқы ақпарат бойынша, Toyota Carina маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Seat Alhambra маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, шетелдік көліктің екі жолаушысы және екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Seat Alhambra маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, ЖКО қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина