- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында жабайы...
Ақмола облысында жабайы қабанды атып өлтіргендер ұсталды
Фото:
polisia.kz
Ақмола облысында полиция жабайы қабанды атып өлтірген браконьерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 14 қазанда жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары жабайы қабанның ұшасы бар браконьерлерді ұстады. Атылған жануардың ұшасын полиция қызметкерлері Красный Яр ауылының 43 жастағы тұрғыны мінген Nissan Terrano автокөлігінің жүксалғышынан тапты.
Жүргізушіден басқа көлікте екі жолаушы болған, олардың біреуі жануарды атқандарын мойындады. Ер адамнан 12 калибрлі МР-155 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді.
Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан