- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында инкассаторларға...
Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусымда сағат 12:00 шамасында Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында төлемдерді қабылдайтын терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға қарақшылық шабуыл жасалған.
"Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер - Қосшы қаласының 27 және 24 жастағы тұрғындары ұсталды. Инкассаторлар төлем қабылдайтын терминалдан ақша шешіп алған кезде, беттерін медициналық маскамен тұмшалаған белгісіз екі адам олардың көлігіне баса көктеп кірген. Сондай-ақ, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ауылдың шетіне баруға мәжбүр етіп, 14 миллион теңгені алған соң тайып тұрған", - деп хабарлады ведомстводан.
Бүгінде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "қарақшылық" бойынша соталды тергеу амалдары басталды.
Г. Досымшалова"Тергеу амалдары барысында күдіктілердің осы инкассаторлық фирмада жұмыс істегені белгілі болды. Олар ұрланған ақшаны Тайтөбе кентінің аумағындағы "Нұра" өзенінің жағасына жасырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, басқа адамдардың да осы қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.