- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында есірткі...
Ақмола облысында есірткі сатушы полицейлерді көргенде "тауарды" балконнан лақтырып жіберген
Ақмола облысында есірткі сатушы ұсталды. Ол тәртіп сақшыларын көрген кезде "тауарды" балконнан лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операцияны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда маңындағы Қосшы қаласында өткізді. Жедел қызметкерлердің айтуынша, марихуана сатумен айналысатын 40 жастағы тұрғын бұрын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған.
Олар сатушыны тұрғылықты жері бойынша ұстады, алайда күдікті полицейлерді көрген кезде алдыңғы есікті ашпай, балкон арқылы 10-ға жуық сіріңке қорапшасын, доза бойынша оралған есірткіні лақтырып, "тауардан" құтылуға тырысқан.
Ұстау және тінту кезінде полицейлер тоңазытқышта тағы 83 "бүршік" деп аталатын нәрсені тапты. Сараптама көрсеткендей, алынған зат салмағы 500 грамм болатын марихуана. Сондай-ақ тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі құралдарын қолдануға арналған түрлі құрылғыны және оларды доза бойынша өлшеуге және өлшеп-орауға арналған заттарды тәркіледі.
Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ақмола облысының тұрғыны қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан