Ақмола облысында боранда жоғалған ерлі-зайыпты аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Жұбайымыз екеуіміз далада адасып кеттік. Боран, қатты жел жол табуға мүмкіндік бермеді. Біз "112" қызметіне хабарластық, олар бізді жергілікті полициямен байланыстырды. Учаскелік инспектор Абылай бізге патрульдік машинамен келді және жолға шығуға көмектесті", - деді Щучинск қаласының тұрғыны Валентина Игоревна @shchuchinsk_life Instagram-парақшасында.
Учаскелік қызметкер қолайсыз ауа райының кесірінен адасқандарды 3 сағаттан кейін тапқан.
"Бораннан түк көрінбеді. Мен тіпті салоннан капотты көре алмадым. Бір сәтте жаяу іздеу керек деп шештім. Айнала ну дала, қатты жел болды және шынымды айтсам, қай жаққа барып, қалай іздеу керегі туралы түсінбей қалдым. Олар үшін қатты уайымдап, көлік тоқтап, ондағы адамдар қатып қалады деп қорықтым", - дейді Біржан сал ауданының ЖПҚБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Абылай Бекмағамбетов.
Тәртіп сақшысы мұндай жағдай 8 жыл қызметінде алғаш рет болғанын айтты. Жолаушылар полицейге алғыс білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!