Ақмола облысында ер адам сырт киімсіз аязда адасып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұланды ауданында түнде жергілікті дәмханалардың бірінен полицияның кезекші бөліміне қоңырау түскен. Мәлімет бойынша мерекелік кеште қонақтардың бірі сырт киімсіз, бір жейдемен далаға шығып кеткен. Сол сәтте далада қатты аяз болған.
Полиция қызметкерлері дереу іске көшіп, Бұланды аудандық полиция бөлімінің жеке құрамын жұмылдырған.
Көп ұзамай жоғалып кеткен азамат Щучинск қаласының тұрғыны екені және мерекелік шараға келгені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам ішімдік ішкеннен кейін белгісіз бағытқа кетіп қалған.
"Екі сағатқа созылған іздеу жұмыстары нәтижесінде ер адам аудан көшелерінің бірінен табылды. Полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақындарына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!