Ақмола облысында ер адам мүмкіндігі шектеулі танысын сан соқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтық дерегі туралы арызбен облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны жүгінген.
Мүмкіндігі шектеулі жігіттің айтуынша, бұрынғы танысы алдап, атына банктен онлайн несие рәсімдеген. Залал сомасы 1 миллион 200 мың теңге болады.
"Алдын ала болжам бойынша алаяқ жәбірленушінің телефоны ортақ танысында болған кезде қолданған. Өтініш берушінің мобильді құрылғысына бейнеойын орнатуға көмектесемін деген сылтаумен ер адам оның атынан несие алып, ақшаны өз шотына аударған", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу іс-шаралары барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны анықталды. Алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!