- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында ер...
Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қаза тапты: тергеу басталды
Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме эасап.
24 қыркүйекте сағат 14:15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінен кәсіпорында жұмыс істейтін ер адам қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы қайтыс болғанын анықтады.
"Ер адам бекітілген бетон тірекпен бірге биіктен құлап қайтыс болды. Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-3-бап (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеуді бастады. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова