- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Ақмола облысында ер адам фермадан үйрек ұрлаған
Ақмола облысында фермадан үйрек ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бурабай ауданының полиция бөліміне жеке кәсіпкерден ұрлық туралы арыз түсті. Ер адам 25 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өзіне тиесілі ауыл шаруашылық кәсіпорнының аумағынан 28 үй үйрегі жоғалғанын хабарлады. Жоғалған құстардың жалпы құны 210 мың теңгеге бағаланды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция ұрланған құстарды сатып алған адамды анықтады. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ферма қызметкері бірнеше күн бойы үйректерді кәсіпорын аумағынан шығарып, оларды қапқа салып, кейін жергілікті тұрғындардың біріне сатқаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан