Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарқайың ауданының полиция бөліміне Державинск қаласының 35 жастағы тұрғынынан ұрлық дерегі бойынша арыз түскен.
"Жәбірленуші 13 сәуірде белгісіз адам оның банктегі мобильді қосымшасы арқылы шотынан 199 655 теңге көлемінде ақша алғанын айтқан. Соталды тергеп-тексеру барысында мұны жәбірленушінің қазіргі таңда бірге тұрмайтын бұрынғы жұбайы жасағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу материалдарына сәйкес ер адам түнгі сағат 00:30 шамасында әйелдің үйіне кіріп, оның ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Кейінірек ол құрылғыдағы банк қосымшасы арқылы ақшаны шешіп алып, жеке қажетіне жұмсаған.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Қостанай облыстық Полиция департаменті азаматтарды цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән беруге шақырды. Ұялы құрылғыларды қараусыз қалдырмауға, күрделі құпиясөз орнатуға, биометриялық қорғау жүйелерін пайдалануға кеңес берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова