- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында ер...
Ақмола облысында ер адам әйелін қызғанып, ұрсысып қалғаннан кейін суицид жасамақ болған
Степногорскіде 39 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғанып, ұрсысып қалғаннан кейін суицид жасамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pkzsk.info сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адам суицид жасамақ болған жерінен оны полицейлер аман алып қалған.
Оқиға 7 шілдеде кешкі уақытта Степногорскідегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Полиция бөлімінің кезекшілеріне көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабар түскен.
Полицейлердің сөзінше, олар оқиға орнына келгенде 4-қабаттың шатырында ер адам тұрғанын байқаған. Полицейлер бірден ер адамды құтқарып қалған. Артынша суицид жасамақ болған ер адам мас болғаны, отбасылық жанжалдан кейін, азаматтық некедегі әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін және қызғаныштың кесірінен суицид жасап, оны қорқытпақ болғаны анықталды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы да келіп үлгерген.
Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, суицид жасамақ болған ер адам пәтерде жанжал шығарып, әйелін балағаттаған. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина