Ақмола облысында ауыл тұрғыны танысын пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Егіндікөл полиция бөліміне Бауман ауылының 39 жастағы тұрғынынан телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Ер адам өзінің үйінде ауылдасы екінші ауыл тұрғынына пышақ сұққанын хабарлаған.
"Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ер адам жергілікті аудандық ауруханаға "іш қабырғасының тесілген-кесілген жарақаты, іш қуысынан қан кету" диагнозымен жеткізілді. Алайда алған жарақаттарынан көз жұмды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Бауман ауылының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге пышақ сұққаны анықталған", - делінген хабарламада.
Қылмыстың дәлелі криминалистердің оқиға орнынан алынған ас үй пышағының бетінен тапқан саусақ іздері, тер іздері, сынамалар, микробөлшектер, сондай-ақ куәгерлердің айғақтары болды.
Полиция бөлімі осы дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауда отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!