Ақмола облысында экскаватордың шөміші тиген жұмысшы қаза болды

Ақмола облысында жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алғанын айтқан.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.

Осы дерекке сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!