Ақмола облысы Заводская кентінде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және рейдтік іс-шараларды өткізу барысында алтын бар материалды қайта өңдеу бойынша екі шағын цехтың жұмысын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалпы саны алты ұсақтау қондырғысын, жеті электр қозғалтқышын, екі жуу үстелін және құрамында алтыны бар отыз қап тәркіледі.
Заңсыз жабдықтарды пайдаланып келген тұлғалар Заводская кенті мен Степногорск қаласының тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қымбат металдардың заңсыз айналымы айтарлықтай ауыр қылмыс болып саналып, ол айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасын қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!