Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен босатылды. Олар - Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы және Аршалы ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атқарып отырған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Гайдар Қасенов 2024 жылғы 13 қарашада Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Ал Достанбек Есжанов 2024 жылғы желтоқсанда Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз