- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында екі...
Ақмола облысында екі адамды өлтірген азамат 20 жылға сотталды
Ақмола облысының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Күдікті төрт жыл бұрын адам өлтіргені үшін абақтыдан шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Тергеу барысында 2021 жылғы 3 қарашада сағат 23:00 шамасында қайтыс болғандардың бірінің үйінде болған С. есімді азамат алкоголь ішкеннен кейін басқа қонақпен сөзге келіп, оған екі рет пышақ жарақатын салған, оның ішінде жүрек тұсына да салған. Салдарынан ер адам сол жерде тіл тартпастан көз жұмғаны белгілі болды.
Осы кеште ер адам қылмыстың куәсі болған пәтер иесінің кеудесіне де пышақ сұғып алған.
Сот сотталушының екі адамды өлтірген кездегі салқынқандылығын, іс-әрекетін есеппен жасайтынын және қауіпті қайталануды ескерді.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазаны өтеу төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан