Ақмола облысында бюджеттің 357 миллион теңгесі негізсіз жұмсалмақ болған

Ақмола облысында бюджеттің 357 миллион теңгесі негізсіз жұмсалмақ болған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақмола облысында бюджеттің 357 миллион теңгесі негізсіз жұмсалмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Целиноград ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жергілікті атқарушыоргандардың қызметіндегі талдау нәтижелері бойынша веб-порталда Ақмола облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мен Талапкерауылында және Нұрлы КҚ-да электрмен жабдықтау құрылысы бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алу туралы ашық конкурстар бойынша жалпы сомасы 357 млн теңгеден астам 3 хабарландыру орналастырғанын
анықтады.

Алайда, Тапсырыс беруші объектінің жауапкершілік деңгейін дұрыс анықтамады. Жобада техникалық жағынан күрделі объектілерді салу үшін жобаны басқару бойынша инженерлік қызметтер көрсетілген, ал жоғарыда аталған жұмыс жобаларын әзірлеушілер техникалық жағынан күрделі емес жауапкершіліктің II деңгейін белгіледі.

Акт бойынша жоғарыда көрсетілген жалпы сомасы 357 млн теңгеден астам сатып алулардың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина