Ақмола облысында полиция браконьерлерден 600 келіден астам балық тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері браконьерлерді 600 келіден астам балықпен "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында ұстады. Заңсыз балық аулау фактісін полицейлер "Бурабай" МҰТП қызметкерлерімен бірлесіп, Біржан сал ауданында орналасқан Жүкей көлдің аумағында анықтады.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер үш адамды ұстады және қажетті құрал-жабдықтар тәркіленді. Үрлемелі қайық және қытайлық өндіріс желілері алынды.
Браконьерлер 600 келіден астам алтын тұқы және 8 кг мөңке балық аулап үлгерген. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, істі тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз