- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында бір...
Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі іздестіріліп жатыр
2024 жылғы 16 қаңтарда Целиноград ауданының полиция бөліміне Семей қаласының 45 жастағы тұрғынынан 2023 жылдың 26 желтоқсанында үйден шығып, оралмаған 53 жастағы ағасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсті. Ер адам екінші топтағы мүгедек, әрекетке қабілетсіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адам бірнеше күн, айлар бойы үйден бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды, бірақ біраз уақыттан кейін ол әрқашан оралып отырған. Ақмола облысының тұрғыны кейінгі рет 2023 жылғы желтоқсан айының басында үйден 3-4 күнге кетіп, оралған.
Жоғалған адамның белгілері: бойы 165 сантиметр, арық дене. Ол сұр бушлат, қара тоқылған қалпақ, қара етік және шалбар киген.
"Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды құқық қорғау органдарына "102" нөмірі бойынша немесе нөміріне хабарлауды сұраймыз: +7 702 699 0899", - делінген хабараламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан