Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз басқа өңірден табылды

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз басқа өңірден табылды
Фото: instagram/sinegor.kz

Бір апта бұрын Қосшыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2008 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған Дильназ Ерланқызы Сәрсенова 19 қазанда жоғалып кетті. Ол үйден шығып, оралмаған. Телефонға жауап бермеген.

Жоғалған қыздың әкесі бастапқыда оны өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ іздеу оң нәтиже бермеген. Сондықтан 21 қазанда ата-анасы құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Полиция қыздың үйден бірнеше рет кетіп қалғанын, бірақ кейін қайтып оралғанын анықтаған. Оған қоса, жасөспірім мүгедек.

Жедел және іздестіру шараларының нәтижесінде қыз аман-есен Семейден табылды. Полиция қызметкерлері ата-аналардан балалардың әсіресе мектеп демалысы кезінде орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова