- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында боран...
Ақмола облысында боран кезінде таңғажайып жайт болған
Ақмола облысында боран кезінде анасы мен ұлын тауып құтқарған ТЖБ бастығының құрметіне жаңадан туған сәбиге құтқарушының есімі берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 қаңтарда Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын тауып алып, құтқарған. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.
Фото: gov.kz
22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.
"Отбасының нағыз мүшесі ретінде бала біздің батырымыздың қолына берілді. Балаға өзінің құтқарушысы - Амангелді есімі берілді. Дүниеге аман-сау келген бала отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасы айтқандай - 7 саны қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан", - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина