Ақмола облысында блогерге қатысты іс тоқтатылды

Ақмола облысында блогерге қатысты іс тоқтатылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында сотта блогердің кінәсі дәлелденбегендіктен іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот Г-ға қатысты жалған ақпаратты орналастырды және таратты деген айыппен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі).
Полиция қызметкері Instagram әлеуметтік желісінің парақшасында әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпаратпен бейнежазба жариялағаны бойынша жеке кәсіпкерліктің басшысы Г-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға құрастырған.

Сотта келесі анықталды:

  • әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған тұлға бейнежазбаның авторы болып табылмайды;
  • жарияланған ақпарат ресми көздерден алынған;
  • әскери қызметшілердің өлім-жітім статистикасын әскери прокуратураның өкілі ҚР Парламент Сенатының отырысында жариялаған;
  • Г. жалған мәліметтерді әдейі жариялағанын растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынылмады;
  • ақпаратты ведомство өкілі жария еткені айғақтар мен бейнежазбамен расталды.

Осылайша, Г-нің кінәсі дәлелденбеді, оның әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамы болмаған.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget