- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысының білім...
Ақмола облысының білім бөлімі төрт мұғалімді сотқа берген
Ақмола облысының білім бөлімі төрт мұғалімді сотқа берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот білім бөлімі басшысының орынбасары А.-ға, ауыл мектептерінің мұғалімдері Д., И., Н.-ға негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы аудандық білім бөлімінің талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.
Бюджет қаражатын пайдалану бойынша тексеру комиссиясымен бірқатар қаржылық заңбұзушылықтар анықталған, яғни 2021-2022 жылдары жалақыны негізсіз есептеу және аудару жүргізген, атап айтқанда: қате табелдеу арқылы А.-ға жалақы және еңбек демалысы сомасы асыра төленген; Д.-ға орындалмаған жұмыстар үшін; И. және Н.-ға санаттарын дұрыс анықтамаудан артық төлемдерге жол берілген.
Осының негізінде тексеру комиссиясы білім бөліміне нұсқау шығарды: анықталған заңбұзушылықтарды жою, заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жауапкершілік шараларын қолдану, бюджет кірісіне дұрыс төленбеген сомаларды өтеу.
Нұсқаманы орындау мақсатында білім бөлімінің бухгалтерия мамандары мен экономисі тәртіптік жазаға тартылған. Ал соманы сот тәртібінде жауапкерлерден өндіріп алуды сұрады: А.-дан - 1 805 000 теңге, Д.-дан - 616 000 теңге, И.-ден - 66 000 теңге, Н.-нан - 584 000 теңге.
Сотта келесі анықталды:
- Жауапкерлерге көрсетілген сомалар жалақы ретінде берілген: А. төрт мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегені үшін, Д. мектеп-гимназияда жұмыс жасағаны үшін, И. және Н. мектепте мұғалім болып жұмыс істегендері үшін алған.
- Төленген сомалар қайтарылуға жатпайтын жалақының құрамына кіреді, өйткені мұғалімдер адал еңбегімен алған.
- Білім бөлімі нұсқамада көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізбеген, жауапкерлерге тәртіптік жауапкершілік шаралар қолданбаған, жауапкерлер тарапынан әділетсіздіктің дәлелдері сотқа ұсынылмады.
- Нұсқаманы орындайтын жалақы алған мұғалімдер емес, мемлекеттік орган, яғни білім бөлімі орындауы керек.
Жоғарыда айтылғанның негізінде сот білім бөлімінің мұғалімдеріне негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина