Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, оқыс оқиға ауылдардың біріндегі жер үйде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерден "ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы" диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғанын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің екінші қабатына көтерілгенін анықтады.
Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен.
Зардап шеккен баланың ата-анасымен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!