- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында балабақшалардың...
Ақмола облысында балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйде болған
Ақмола облысының прокуратурасы балабақшаларда тексеріс жүргізді. Мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпы, балабақшаларда прокурорлық тексерулердің нәтижелері бойынша әртүрлі салаларда 300-ден астам заңбұзушылықтар анықталған. Мысалы, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.
Тағы бір жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинаған (директор жұмыстан шығарылды).
3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина