- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында әйел...
Ақмола облысында әйел түсік тастап, нәрестені пешке өртеп жіберген
Ақмола облысы Макинск қаласының 33 жастағы тұрғыны түсік тастап, өлі нәрестені пешке жағып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға туралы полицияға 2023 жылғы 26 қаңтарда Макинск қаласының 33 жастағы тұрғыны жүктіліктің 24 аптасында жоспарлы тексеруде болғаннан кейін аудандық аурухананың дәрігері хабарлады.
Тергеу барысында осы жылдың 24 қаңтарында әйелдің қан кеткені алдын ала анықталды, ал ол медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан түсік тастаған. Әйелдің айтуынша, нәрестені жанып тұрған пеште өртеп жіберген.
Ақмола облысында түсік тастағаннан кейін анасымен нәрестені өлтіруі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Тергеу ҚР ҚК 100-бабы (жаңа туған баланы анасымен өлтіру) бойынша жүргізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан