Ақмола облысында әйел пойыз астына түсіп мерт болды

Ақмола облысындағы Макинск қаласында теміржол бойында әйел пойыздың астына түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда кешке болған. Әйел Астана бағытына қарай келе жатқан №327 Қарағанды-Қостанай жолаушылар пойызының астына түскен. Пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда бұл кезде әйел пойыздың астында қалып қойған.

"Трагедиялық жағдайға әйелдің пойыздың астына секіруі себеп болған. Ол оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Марқұм 36 жастағы әйел екені анықталды.

Абзал Алпысбайұлы

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!