Ақмола облысында сәбидің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақкөл аудандық сотында Л.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.
"Л. қонақтан ішімдік ішіп келіп, үйінде мас күйде болған. Түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен. Оянған кезде баласы қимылсыз жатқанын анықтаған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері бала тұншығып қайтыс болғанын растаған", - деп жазылған хабарламада.
Прокурор Л.-ға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған.
Сот жаза тағайындау барысында Л. шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп таныған.
Сот үкімімен Л.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!