• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушыны қағып кеткен

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушыны қағып кеткен
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында 15 жастағы қызды мектеп автобусы қағып кеткен. Оқиға салдарынан қыз көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға 19 ақпанда Қараөткел ауылындағы IT мектеп аумағында болған.

"Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылы 27 қарашада Алматы облысында "Асыл арман" тұрғын үй кешені маңында оқушыны автобус басып кетті, кейін тұрғындар наразылық білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова