Биыл Ақмола облысында "Ауыл — Ел бесігі" арнайы жобасы аясында 84 ауылда денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында 103 іс-шара жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м. а. Әсет Құрманғожин айтып берді.
Спикер атап өткендей, бес жыл бұрын басталған арнайы жобаның түпкі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту, перспективалы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту болып саналады.
Облыс бойынша 294 әлеуетті ауылдық елді мекен (113 тірек және 181 серіктік) анықталды, онда 385 мың адам немесе ауылдық жердегі халқтың 87,5% тұрады.
Әсет Құрманғожиннің айтуынша, ауылдарды әлеуетті деп танудың негізгі критерийлері халық санының оң динамикасы, нақты АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, содан кейін инфрақұрылымның болуы және т.б. болды.
Спикер инвестициялық жобаларды іске асыру бекітілген басымдық тізбесіне сәйкес әлеуеті жоғары АЕМ-де ғана көзделетінін нақтылады. Мысалы, құрылыс — білім беру және спорт салаларында, қайта жаңарту -ТКШ, әлеуметтік сала, жол инфрақұрылымы, күрделі жөндеу — ТКШ, әлеуметтік сала және жолдар, орташа жөндеу — кентішілік жолдар.
"Осы жылы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында 103 жоба іске асырылуда. Оның 54 өткен жылдан бастау алған, 49 жаңа жобалар. Білім беру саласында – 33, денсаулық сақтау саласында – 4, мәдениет саласында – 15, спорт саласында – 5, ТКШ – 19, көлік саласында – 27. Осылайша, Ақмола облысының 84 ауылында өмір сүру деңгейі артады", - деді Әсет Құрманғожин.
Мысалы, биыл облыс бюджетінде көзделген жобалар тізбесіне Бұланды ауданының Вознесенка ауылында көпір, Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында мәдениет үйін, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылында спорт ғимараты бар мәдениет үйін салу, Ерейментау ауданының ауылдарында үш дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу және т. б. жобалар кірді.
Айта кетейік, "Ауыл - Ел бесігі" жобасының 2019-2023 жылдар аралығындағы 5 жыл ішінде 323 жоба іске асырылды. 64 нысан салынды және қайта жаңартылды (30 әлеуметтік сала, 34 - ТКШ және жолдар нысандары), 259 нысан (60 әлеуметтік сала, 199 ТКШ) және 440 км кентішілік жолдар жөнделді, 1,5 мың жұмыс орны құрылды.
Бұл 120 ауылдың 230 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсартуға, өңірлік стандарттармен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Материалды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ұсынды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!