- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында аудан...
Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды
Аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды. Жанжалға түскен екі тарап әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Шенеуніктер әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасқан, кейін ол төбелеске ұласқан.
Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.
Сотта жанжалға түскен тараптар кінәларын мойындамады.
"Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды", - деді сот.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек