Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт шықты.
Өртті сөндіруге Есіл ауданының гарнизон күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды.
Өрт 900 шаршы метр аумақты шарпыды.
"Жинақталған агроөнімдердің саны анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деді Есіл ауданы төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Бауыржан Жолдасов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!