- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында алтын...
Ақмола облысында алтын өндіретін жасырын цех анықталды
Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды, - деп хабарлайды КТК
телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылар қолдан құрастырылған. Ал құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр.
Бұл оқиға полиция жүргізген рейд кезінде әшкере болды. Айғақты зат ретінде барлық құрал-жабдықтар, оның ішінде үш ұсақтағыш және екі арнайы жуу үстелі тәркіленді. Полицейлер алдағы уақытта цех та тәркіленетінін жоққа шығармайды.
"Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-бөлігі "Бағалы металдардың заңсыз айналымы" бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова