Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдарды әшкереледі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды. Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ, 2 млн теңгеден аса және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат тәркіленді.
Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды. Қазір заңсыз қызметке қатысы бар барлық адам, сондай-ақ, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова