Ақмола облысында алаяқ зейнеткердің атынан 2 миллион теңге несие рәсімдеген

Ақмола облысында алаяқ зейнеткердің атынан 2 миллион теңге несие рәсімдеген

Ақмоланың полиция қызметкерлері Шортанды ауданындағы қарияның арызы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Petropavlovsk.news. сайтына сілтеме жасап.

25 шілде күні Шортанды аудандық ІІБ кезекші бөліміне Дамса ауылының 64 жастағы тұрғыны жүгінген. Қарт кісі 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында өз атынан белгісіз біреу Халық банкінен 1 300 000 теңге ақшалай несие және Kaspi банктен 1 миллион теңге тауарлық несие бергенін айтты. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 300 000 теңге.

Полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер телефонға тек жиені ғана қолдана алатынын анықтады. Полиция қызметкерлері  40 жастағы ер адамның қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Полиция қызметкерлері жеке деректеріңізді құпия сақтауды, телефон құпия сөздерін, пин кодтарды, банк картасының артындағы CVV кодтарын, SMS арқылы жіберілетін бір реттік кіру кодтарын ешкімге айтпауды, сенбеуді қатаң түрде ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек