- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында ағаштарды...
Ақмола облысында ағаштарды заңсыз кесудің 8 дерегі тіркелді
Ақмола облысында құны миллион теңге тұратын орман заңсыз кесілді. Бұл мәселеге қатысты жыл басынан бері 8 қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылы құқық бұзушылар 43 текше метр орманды кесіп, мемлекетке миллион теңгеден аса шығын келтірген. Жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, жинау, тасымалдау және сатудың алдын алу мақсатында 15-31 желтоқсан аралығында республикалық "Шырша" акциясы өтіп жатыр.
"Қылқан жапырақты өсімдіктердің орман екпелерін заңсыз кесу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау жеке тұлғаларға 50 АЕК, орман қорына енгізілген 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі. 100 АЕК-тен асатын залал келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілік туындайды.
Жалпы, ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша іс-шара барысында Ақмола қаласының полиция қызметкерлерімен 10 құқық бұзушылық анықталып, ӘҚБтК-нің 381-бабының 1-бөлігімен үш әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 340-бабы "Заңсыз ағаш кесу" бойынша сегіз қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша бір қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді полиция басқармасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова