Ақмола облысында 92 кәсіпкердің құқығы бұзылған

Ақмола облысында 92 кәсіпкердің құқығы бұзылған
Фото: gov.kz

Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

Қосшы қаласының прокуратурасы "Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК жұмысын талдау барысында жеткізілген тауарлар үшін келісімшарттар бойынша бір ай ішінде төленуі керек ақшалай қаражатты жарты жылдан аса уақыт бойы төлемеген. Осылайша, 92 кәсіпкердің құқығы бұзылған. 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бүгінгі күні 15 бизнес субъектілеріне 4,5 миллион теңге берешек төленді. Қалған кәсіпкерлерге берешек бір ай ішінде төленетін болады.
 
Бұл бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының бақылауында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек