Ақмола облысында 900-ге жуық кәсіпкердің құқығы бұзылған. Кінәлілер жазаланды

Ақмола облысында 900-ге жуық кәсіпкердің құқығы бұзылған. Кінәлілер жазаланды

Ақмола облысында мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлер қысым көріп жатыр. Өңір прокуратурасы жүргізген мониторинг барысында құзырлы органдардың заңсыз әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңнама талаптары сақталуына талдау жүргізген ведомство өкілдері кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет көрсету келісімшарттарын жасауда бірқатар заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Салдарынан облыс аумағындағы 892 кәсіпкердің құқығын бұзылған. 

"Прокуратура тұрақты түрде мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жоюда талдау жүргізеді. Келісімшарттарға сәйкес тұтынушы ұсынған төлем қызметі үшін әр есептік кезеңнен кейін айдың 25-іне дейін жүргізіледі. Алайда сумен қамту монополистері келісімшартта төлем мерзімін 15-іне дейін деп көрсеткен. Су беруді тоқтату туралы ескерту кемінде үш күнтізбелік күнде қарастырылады. Ал заң талаптарына сәйкес мерзімі 30 күн болуға тиіс", - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Меруерт Байболова.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жергілікті атқарушы органдардың мекенжайларына прокурордың қадағалау актілері енгізілген. Актілерді қарау нәтижелері бойынша келісімшарттар заңнама нормаларына сәйкес келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz