Ақмола облысында 7 көлік жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

Ақмола облысында 7 көлік жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар
Фото: Видео кадры

Ақмола облысында тасжолда бірден жеті көлік соқтығысты. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнында адам көп, полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Astana 🇰🇿 (@astana.times)

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 13 желтоқсанда Павлодар бағытына қарай, Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 94–95-шақырымында жеті көлік жол апатына ұшыраған.

Алдын ала дерек бойынша, апат салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға бойынша полиция соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Полиция мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды, әсіресе қозғалыс тығыз учаскелерде абай болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын қадағалау қажет екенін еске салды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget