- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 65...
Ақмола облысында 65 жастағы жүргізуші мінген көліктің жүксалғышынан жаралы қабан табылды
Ақмола полицейлері автокөліктің жүксалғышында жаралы жабайы қабан бар браконьерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 маусым Бұланды ауданының ПБ-ге учаскелік инспектор Д.Қаскеновтің Никольское ауылының маңында браконьерлікпен айналысқан екі ер адам жабайы қабанды атып өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Факт ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Жараланған жабайы қабанды полицейлер ауданның 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ Patriot автокөлігінің жүксалғышында тапты. Жүргізушіден басқа көлікте жолаушы, 57 жастағы жергілікті тұрғын болған, ол жануарды атып өлтіргенін мойындаған.
Ер адамнан 12 калибрлі ИЖ-27 маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан