Ақмола облысында 58 млн теңгеден аса бюджет қаражатын қолды қылған есепші сотталды

Ақмола облысы Жақсы ауданында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудан прокуратурасы Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жанындағы аудандық мәдениет үйі МККК-ның қызметін тексеріп, есепші кәсіпорыннан 58 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырғанын анықтаған. Күдікті қаражатты өзінің банк шотына заңсыз аударған.

Аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен соталды тергеп-тексеру бастап, кейін іс сотқа жіберілген.

Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚК-нің 74-бабына сәйкес жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!