- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 5-сынып...
Ақмола облысында 5-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарады
Ақмола облысы Бурабай ауданындағы мектептердің бірінде жанжал шықты. Оқушылардың ата-анасының бірі баласының зорланғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір жыл бұрын болған оқиға туралы жақында ғана белгілі болды. Бұл туралы балалары да сол мектепте оқитын Facebook қолданушысы бөліскен.
"Тамызда біздің ауылда бір жыл бұрын болған жантүршігерлік қылмыс туралы белгілі болды. Біздің мектептің оқушылары 5-сыныпта оқитын балаға зорлық-зомбылық жасаған, олардың бірі қазір студент. Бұл оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді", - деп жазды ол Facebook-те.
Оның айтуынша, күдіктілердің бірінің анасы сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бурабай аудандық полиция бөлімінде кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиға, жәбірленушінің арызы бойынша, 2022 жылғы маусымда болған. Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Жазба авторы зардап шеккен баланың анасы жазған хатты да жариялады. Ол оқиғаны көпшілікке жариялауды және басқа балаларды қорғау үшін "кінәлілерді жазалауды" сұрайды.
"Қоғамда мұндай адамдар болмауы керек, өйткені олар қауіп төндіреді. Олар бұл әрекетке барғанымен қоймай, түк өкінбейді, керісінше материалдық құндылықтармен кінәсін өтеуге тырысты. Бірақ ешқандай материалдық құндылық балама балалық шағын қайтармайды", - деді әйел.
Оның айтуынша, олардың әрекеті ауыр зардапқа әкелуі мүмкін еді.
"Олар мұның бәрін істеп қана қоймай, баламды бопсалап, қорқытты. Олар мұнымен не істегісі келді? Баламның өз-өзіне қол жұмсағанын қалады ма? Бұған кім жауап береді?", - деп жазды ұлдың анасы.
Әйел қылмыскерлерді жазалауды және күдіктінің анасына зардап шеккен бала оқитын мектепте жұмыс істеуге тыйым салуды сұрайды.
"Күдіктілердің бірі осы уақыт бойы мектепте барып жүрген. Алайда ол жақында ғана қашықтан оқытуға ауыстырылды", - деді Facebook-тегі жазбаның авторы.
"Біз, ата-аналар, балаларымызды әділетті, адал етіп тәрбиелейміз. Ал мұндай жағдайда жай ғана үнсіз қалуға, ештеңе болмағандай кейіп танытуға құқығымыз жоқ.(...) Күдікті қашықтан оқу үшін бірігіп мектеп әкімшілігіне өтініш білдірдік", - деді ер адам.
Этикалық себептерге байланысты біз жергілікті тұрғындардың деректерін жарияламаймыз.
Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының білім басқармасынан бұл оқиғаға пікір білдіруін сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек