Ақмола облысында 45 жастағы балықшы суға батып қаза тапты

Ақмола облысында 45 жастағы балықшы суға батып қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында 45 жастағы ер адам суға құлап кеткен. Кейін қатты тоңғаннан үсіп өлген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, оқиға Қайранкөл көлінде болған. Ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, кейін суға құлап, жағаға жете алмаған.

Хабар түскеннен кейін ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды судан алып шыққан.

"Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін дәрігерлерге тапсырылды. Өкінішке қарай, ер адам қатты қатты тоңғаннан үсіп өлген", – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖМ мамандары ауа райы қолайсыз болғанда суға шығу қауіпті екенін ескертеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget