Ақмола облысында екі кішкентай баласымен бірге із-түзсіз жоғалған 42 жастағы әйел іздестіріліп жатыр,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, 21 желтоқсанда сағат 23:52 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының Бестөбе кентіндегі полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1981 жылғы анасы Нуретдинова Альфия Сайфутдинқызын және оның 2022 және 2023 жылы туған екі кішкентай баласын іздеуге көмек сұраған.
Қызының айтуынша, анасы мен екі сіңілісі сол күні танысының үйінен шыққан. Алайда үйіне келмеген, байланысқа да шықпаған.
"Қазіргі уақытта Бестөбе полиция бөлімінің және қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Сонымен бірге іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, бағыт бағдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратылуда", - деді ведомстводан.
Жоғалған әйел үстіне қара көк куртка, күрең қызыл түсті шалбар, ақ түсті етік киген. Тәртіп сақшылары жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандар болса дереу полицияға хабарлауды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!