- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында 40...
Ақмола облысында 40 минуттың ішінде бөтеннің көлігін ұрлап кеткен адам ұсталды
Ақмола облысында 40 минуттың ішінде бөтеннің көлігін ұрлап кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғын көлік полицейлерінің тоқтау талаптарын елемей, асқан жылдамдықпен жүрген.
Осылай, 30 сәуірде сағат 17.54-те Аршалы ауданының полиция бөліміне "Audi 100/С4" маркалы а/к ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы дерекке қатысты "Айдап әкету" сотқа дейінгі іс жүргізу дереу басталды.
Полицейлермен "Ұстау жоспары" жариялады. Арнайы іс-шараны өткізу барысында ұрланған көлік Аршалы кентінде байқалды. Қызметтік автокөлікті байқаған қаскүнем жол ережесін сақтамай, "Алматы-Екатеринбург" қатынасымен автомагистральдің қарсы жолағымен Қарағанды қаласына қарай бет алды, онда бірер минуттан кейін ауданның елді мекендерінің бірінде ұсталды.
Бірнеше рет сотталған 30 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Заттай дәлел ретінде автокөлік тәркіленді
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина