Ақмола облысында 40 адам эвакуацияланды

Ақмола облысында 40 адам эвакуацияланды
Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 40 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін 112 қызметіне Қосшы қаласында Жангелдин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде электр қалқанында электр сымдардың қысқа тұйықталғаны анықталды.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ маршымен 40 адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget