Ақмола облысында 35 шетелдік азамат құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін таңертең Ақмола облысы Бурабай ауданы Баянбай ауылының маңында, Астана-Петропавл бағытында автобус бұзылған.
"Жүргізуші көмек сұрап, құтқарушыларға хабарласқан. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақау шыққан автобустан жолаушыларды эвакуациялады. Олар теміржол вокзалына жеткізілді. Барлығы 35 адам эвакуацияланды", - деді ТЖМ өкілі.
Олардың барлығы - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!